АҚШ-тағы торнадодан зардап шеккендердің саны 100-ден асуы мүмкін

АҚШ президенті Джо Байден бұл ел тарихындағы ең үлкен торнадоның бірі екенін айтты
Торнадодан зардап шеккен АҚШ-тың Кентукки штатының губернаторы зардап шеккендердің саны 100-ден асуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз қазір ең қиын сағаттарды бастан өткеріп жатырмыз. Жүрек ауыртарлық жағдай, бұл мемлекет тарихындағы ең жойқын торнадо... Менің ойымша, біз 100-ден астам адамды жоғалттық. Менің ойымша, бұл көрсеткіш алда айтарлықтай артуы мүмкін. Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир
Кентукки, Иллинойс, Арканзас, Миссури, Миссисипи және Теннесси штаттарында 30-ға жуық торнадо болды. Олар 80-нен астам американдықтардың өмірін жалмады. 250 мыңға жуық адам электр жарығынсыз қалды. АҚШ президенті Джо Байден бұл ел тарихындағы ең үлкен торнадоданың бірі екенін айтты.
Бөлісу
0
Толық оқу