Ауғанстаннан АҚШ-қа эвакуацияланғандардың барлығына вакцина салынады
zakon.kz
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден АҚШ әскері мен АҚШ азаматтарын Ауғанстаннан алып шығу мерзімін ұзарту мәселесін талқылап жатқанын айтқан болатын.
Ақ үйдің өкілі Джен Псаки Америка билігі Ауғанстаннан эвакуацияланғандардың барлығын вакциналауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Барлық эвакуацияланғандар коронавирусқа тексеріледі, егер олар әлі күнге вакцина алмаған болса, оларға екпе салу ұсынылады, - деді ол.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден АҚШ әскері мен АҚШ азаматтарын Ауғанстаннан алып шығу мерзімін ұзарту мәселесін талқылап жатқанын айтқан болатын.
15 тамызда Талибан әскері Кабулға баса-көктеп енді, Үкімет оларға қарсылық көрсеткен жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript