Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді

Джо Байден, АҚШ, президент сайлауы, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 21:58 Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ оның дауыс берер алдында шамамен 40 минут кезекте тұрғанын жазады.

CBC News-тің хабарлауынша, Байден демалыс күндерін өткізген Делавэр штатындағы Уилмингтон маңында дауыс берді.

"Жүріңдер, дауыс беруге барайық", – деді сайлау учаскесінде Сенатта штат атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Лиза Блант Рочестермен бірге сайлаушыларды қарсы алған Байден.

АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократтар атынан Камала Харрис пен Республикашылар атынан Дональд Трамп саяси додада өзара бақ сынасуда. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: