"Ғалам аруы — 2021" атағы кімге бұйырды

Ғалам аруы — 2021 Сурет: Twitter/HarnaazSandhu03
Биыл ғалам аруының тәжі үндістандық аруға бұйырды

21 жастағы үндістандық Харнааз Сандху "Ғалам аруы — 2021" сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық байқаудың ұйымдастырушылары Twitter желісіндегі ресми парақшасында "Ғалам аруы — 2021" атағы Үндістан өкіліне бұйырғанын хабарлады.

Байқаудың финалы Израильде өтті. Іс-шараны америкалық жазушы Стив Харви жүргізді.

Харнааз Сандхуға тәжді бұрынғы жеңімпаз мексикалық Андреа Меса табыстады. Екінші орын ОАР атынан сынға түскен аруға, үшінші орын Парагвай өкіліне бұйырды.

Биыл "Ғалам аруы" сұлулық байқауына әлемнің 80 елінен 80 бойжеткен қатысқан. Финал тікелей эфирден 170-тен астам мемлекетте көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз