Жұлдыз Абдукаримова: Театр төріне қайта оралдым

Актриса Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Жұлдыз "Махаббат мұнарасы" пьесасында Сұлудың рөліне бекітілді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова желіде өзінің кезекті арманы орындалғанын жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Сізді қашан кинодан, театрдан көреміз?” деген ең жиі қойылатын сұраққа бүгін жауап бере кетейін. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, театр төріне қайта оралдым. Алланың қалауымен, бұл қадамым киелі өңірдің жаңа театрынан бастау алды. Мұны өзім іштей жақсылыққа жорыдым", — деп жазды актриса.

Жұлдыз — кәсіби актриса. Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған. Ұзақ жылдар бала тәрбиесімен үйде отырғаннан кейін үлкен экраннан көріне бастады. Қайрат Нұртас жұбайымен фильмдердің бірінде басты рөлде ойнап, әнші оны қалың көпшілікке таныстырған еді.

Араға жылдар салып, Жұлдыз енді театр сахнасынан көрінбек. Ол жүректің қылын шертетін сезімге толы "Махаббат мұнарасы" пьесасында Сұлудың рөлінде ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз