Елорда тұрғындары коммуналдық қызметтер мен шарттарды 30 минут ішінде жасай алады

келісімшарт Фото: Iqala.kz
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары iQala қалалық қызметтер орталығына жүгініп, 10 коммуналдық сервистің 152 қызметін бір кеңседен немесе порталдан ала алады деп хабарлайды Zakon.kz «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

iQala орталығы 2019 жылы ашылған. Орталықтың мақсаты – коммуналдық қызметтерді алу процессін жеңілдету. Мысалы, бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан жылжымайтын мүлік алған азаматтар мүлікті коммуналдық қызметтерге қосу үшін қаланың әр бөлігінде орналасқан кеңселерге жеке баруы қажет еді. Қазірде керекті құжаттарды алып iQala қалалық қызметтер орталығынының фронт-кеңсесіне жүгініп немесе үйден шықпай-ақ www.iqala.kz порталы арқылы өтінімді беруге болады.

Қала тұрғындары арасында орталықтың танымалдығы артып келеді. 2019-2020 жылдарға қарағанда орталықтың қызметтеріне сұраныс екі есеге артқан. Елорданы цифровизациялау бойынша бағдарламалар аясында орталықтың порталында 10 коммуналдық сервистің 152 қызмет түрі цифрландырылған. Бұл дегеніміз қазіргі күні фронт-кеңсе арқылы көрсетілетін барлық кызметтер портал арқылы қолжетімді деген сөз.

2021 жылы орталықта 135 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Оның 25%ы, яғни әр төртінші қызметі онлайн берілген. Сұраныстарды онлайн беру қиынға соқпайды. Ол үшін кеңсеге келудің де қажеті жоқ: электронды санды қолтаңба мен дербес компьютердің болуы жеткілікті. Бұл қазір орын алған эпидемиялық ситуация кезінде өте ыңғайлы. Порталдың жұмысы тұтынушылардың уақытын үнемдеуде. Енді керекті келісімшарт жасасу немесе мүлік туралы ақпаратқа өзгеріс енгізу үшін жарты сағат уақыт бөлу жеткілікті. Сонымен қатар, портал арқылы өтінімдерді аптаның кез келген күні және тәулік бойы беруге болады.Нұрдаулет Рыспеков, iQala қалалық қызметтер орталығының маманы

Маманның айтуынша, портал арқылы ең көп алынатын қызметтер – су, жылу, электр энергиясымен жабдықтауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға шарт жасасу, үйде тұрып жатқан адамдардың санын азайту, үйдің ауданын өзгерту және т.б. Бүгінде iQala арқылы «Қазақтелеком», Clean City NC, «Астанаэнергосбыт», Elorda Eco System, SPK Development, «Астана-АЭК», «Астана Теплотранзит», «Астана ЕРЦ», «Астана Су Арнасы» қызметтерін цифрландырылған.

Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызметтер орталығын іске қосу бастамасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігіне тиесілі. Орталық Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған. Орталықтың жұмысын «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жүзеге асырады.

Орталық Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылы 29 мекенжайы бойынша орналасқан. Қалалық қызметтер орталығының порталы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз