Семейдегі Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйіне қайтып жатыр

Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 22:30 Сурет: видео скрині
Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Семей әкімдігі баспасөз қызметіне сілтем жасап.

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді.

"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды. Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы орман өрті оқшауланғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: