Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

Алаяқ көріпкел Сурет: pixabay
12 млн теңгені жымқырған балгер

Қарағанды тұрғыны белгісіз көріпкелге 12 миллион теңгесін бере салған. Сиқырлы рәсімдердің әсерін күтпей, ол полицияға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсанда құқық қорғау органдарына 41 жастағы қарағандылық шағымданды. Ол әлеуметтік желілерде "тегін бал ашамын" деген жарнамаға жүгінеді. Нәтижесінде ол мистикалық амалдары үшін көріпкелге 12 млн 266 мың теңгені санап берген. Көріпкел бұл ақшаға шырақ пен салттық керек-жарақтар сатып аламын деп сендірген. Ақырында тапсырысы орындалмаған.

Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген қарағандылық дереу полицияға жүгінді. 10 желтоқсанда тәртіп сақшылары "тегін балгерді" ұстады. Бір қызығы ол 23 жастағы жігіт болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз