Time нұсқасы бойынша Илон Маск биылғы "Жыл адамы" деп танылды

Жыл адамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 19:28 Сурет: Instagram/elonmusk
2020 жылы "Жыл адамы" номинациясының жеңімпазы АҚШ президенті Джо Байден болған еді

Америкалық SpaceX компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Илон Маск Time журналының нұсқасы бойынша "Жыл адамы-2021" деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жыл адамы" атағына 54 үміткер таласқан.

Салтанатты рәсім YouTube арнасында көрсетілді.

Үміткерлер тізімінде мемлекет басшылары, қоғамдық ұйымдар, саясаткерлер, спортшылар, әртістер, ірі корпорациялардың басшылары мен негізін қалаушылар болды. Мысалы, үміткерлер тізіміне Ресей президенті Владимир Путин, блогер Алексей Навальный, америкалық көшбасшы Джо Байден, танымал әнші Бритни Спирс және экоактивист Грета Тунберг енген.

2020 жылы "Жыл адамы" номинациясының жеңімпаздары АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден және вице-президенті Камала Харрис болған еді.

Оның алдында бұл атақ экоактивист Грета Тунбергке бұйырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: