Илон Маск «Жыл адамы» атанды
Time журналы SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты «Жыл адамы» деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлемдегі ең бай адамның үйі жоқ, ол жақында барлық дүниесін сатты. Ол Жер серігін орбитаға ұшырып, Күн энергиясын пайдаланып жатыр. Ол бензинді және жүргізушіні қажет етпейтін, өзі жасап шығарған көлікпен жүреді", – делінген Time журналында Маск туралы жарияланған мақалада.
Әлеуметтік желі қолданушылары оған "Ғалам адамы" атағын беру қажеттігін айтып жатыр.
Бұдан бөлек, Time журналы жыл батырларын да атады. Олар – вакцина жасау методын ойлап тапқан Дрю Вайсман, Барни Грэм, Каталин Карико және Киззмекия Корбетт. Осы технологияның арқасында Pfizer/ BioNTech және Moderna компаниялары COVID-19 вирусына қарсы вакцина ойлап тапты.
Өткен жылы АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис "Жыл адамы" номинациясының жеңімпаздары атанған болатын.