Жаңалықтар тізбегі
0

Нарынқолдан шыққан «Илон Маск»

HEAD Aerospace Group, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 09:30 Сурет: видеодан кадр
Сапар Париж офисінің қызметкері

Әлем елдерінде үздік қызметі және өнер-білімімен танылып жүрген отандастарымыз баршылық.

Шетелдегі қазақтар айдарының келесі кейіпкері – әлемдік Хэд Аэроспейс Груп (HEAD Aerospace Group) компаниясында басшылық қызметте істейтін қазақстандық азамат Сапар Сатаев. Ауылдан шыққан жас түлектің ғарыш саласын игеру жолындағы жетекшілік қызметке жету жолы қандай екенін Хабар24 сюжеті көрсетеді.

Сапар Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тумасы. Бастапқыда ғарыш саласында еңбек ету туралы мүлде ойламаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде физик мамандығы бойынша бакалавриатты, Италиядағы жоғарғы оқу орнында Геосаясат және жаһандық қауіпсіздік пәні бойынша магистратураны тәмамдаған. Оқу бітіргеннен соң өзін түрлі салада сынап көреді. Мемлекеттік қызметтен кейін жеке кәсіпкерлікпен де айналысады. Бірнеше стартап жобаны нарыққа шығарады. Бүгінде ол халықаралық компанияда коммерциялық директор болып, жемісті еңбек етіп келеді. Компанияның негізгі штаб пәтері Пекинде орналасқан. Шанхай қаласында спутниктерді құрастыратын өндірістік мекеме бар. Ғарыш аппараттарын әлемдік нарыққа шығару үшін Францияда және Нидерланд Корольдігінде екі кеңсе ашқан.

Сапар Париж офисінің қызметкері. Бірақ отбасылық жағдайына байланысты Лондонда қашықтан жұмыс істейді.

Жұбайым осы Лондондағы алдыңғы қатарлы университеттердің біріне PhD бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, осы жерге келдік. Осы жерде тұрып жатырмыз.  Сапар коммерциялық директор ретінде Шығыс Еуропа және ТМД елдері үшін жауапты. Сапар Сатаев, HEAD AEROSPACE GROUP компаниясының коммерциялық директоры

«Әсіресе Қазақстандағы ғарыш саласына бүйрегім бұрып тұрады», – дейді ол.

Сапардың пікірінше, еліміз соңғы оншақты жылдың ішінде ғарыш өндірісін мықтап қолға алды: жерүсті кешендерін салды, жерді қашықтан зондтау аппараттарын ғарышқа ұшырды және жақын шетелдерге қызмет көрсетіп жатыр. Дей тұрғанымен, алар асулар әлі де көп.

Ғарыш саласы ол әлемдік бизнес болып есептеледі. Сондықтан енді болашақта Қазақстанның ғарыш саласы осы жасаған продукцияларын әлемдік нарыққа шығаруға тырысу керек. Екінші бағыт ол адами ресурс. Сондықтан біз үнемі жас мамандарды, әсіресе инженер мамандарды дайындап отыруымыз керек. Сапар Сатаев, HEAD AEROSPACE GROUP компаниясының коммерциялық директоры

Сапар Сатаев Ұлыбританияда 5-6 жыл көлемінде тұруды жоспарлап отыр. Білім мен тәжірибе жинақтағаннан кейін Қазақстанға оралып, отандық ғарыш технологияларын әлемдік нарыққа шығаруға атсалысқысы бар. Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен ғарыш саласында әріптестік құрып, нарықты бірігіп игеру бағытында жұмыс істегісі келеді. Сапар қазірдің өзінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алдын ала қамданып жатыр.

Ғалымжан Қараманұлы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: