Атырау облысының әкімі отставкаға кетпек

отставка, Атырау обылысының әкімі, парақорлық Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Ол орынбасары Бақытгүл Хаменованың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.

Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген.Әкімдік өкілі

Еске салсақ, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз