Тоқаев Қорғаныс министрін отставкаға жіберді

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 19:26 facebook.com
27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, деп нақтылады Берік Уәли.

27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Менің басты мақсатым - төтенше жағдайдың салдарын жою. Егер отставкаға кету жайына келетін болсақ, мен бұл жаңалықты естіген бойда өзім үшін шешім қабылдадым: өз еркіммен отставкаға кетемін, отставка сұраймын. Қалғанының барлығын жоғары басшылық шешеді, - деді Ермекбаев.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың тамызында Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін ҚР Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.

Айта кетсек, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысында жарылыстар болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам қаза тапты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: