Жаңалықтар тізбегі
0

"Құрметке" Құрмет лайық

"Құрмет", сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 11:47 Сурет: instagram/kurmet2856
Кешегі мемлекеттік наградалар тақырыбы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде қоғам белсенділері биыл ала жаздай қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына шөп жинап көмек көрсеткен Құрмет Талапқазыға Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсетілуін талап етіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nur.kz тілшісі хабарлағандай, Facebook желісінде Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапаттау тақырыбы қызу талқыланды. Қоғам белсенділері президенттің қолынан медаль мен орден алуға лайықтылардың тізімін жасап шыққан. Олардың арасында Құрмет Талапқазының есімі ерекше аталды.

Маңғыстау өлкесін қуаңшылықтан құтқаруға алғашқы болып шөп жиып жөнелткен Құрметке "Құрмет" берілсе лайықты еді. Пандемияда тәуліктің 24 сағатын көздері буланып, шылқыған терге батқан комбинезон ішінде өткізген қарапайым медбике, санитар, дәрігерлер лайықты еді. Әттең… Журналист Гүлмира Әбіқай  

Құрметтің еңбегі еленбегеніне ауыл шаруашылығы сарапшысы Алмасбек Садырбаев та қынжылыс білдірді.  

Әттеген-айы, өз салам бойынша марапатталып жатқан белсенділерді көре алмай отырмын. Мысалы, Құрметтей азаматтың еңбегін кім жоққа шығара алады?! Оқуын тастап, ала жаздай Маңғыстауға шөп тасыған жоқ па?! Ақтөбелік Балнұр қыздарыңызды білесіздер. Омырауындағы бөпесін қалдырып, маңғыстаулық ағайынға жәрдем берді, жем-шөп тасымалын ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығы сарапшысы  Алмасбек Садырбаев

 Ал Құрмет Талапқазының өзі бұл ұсыныстарға қатысты былай деп пікір білдірді:

Мен жазда өз еркіммен оңтүстікте, Сарыағашта шөп ора бастадым. Сол шынайы ниетімді байқап, қарапайым ел-жұртым қолдап, әр тараптан, әр өңірден фурамен, вагонмен Маңғыстау еліне 500 вагоннан артық тегін жем-шөп кетті. Халқыма рахмет, сіздердің арқаларыңыз. Маған үкіметтен марапат берілмегені жөнінде әлеуметтік желіде шу болып жатыр екен. Маған марапат, алғыс керек емес, мен тек ел игілігі үшін жасадым, атақ-байлық үшін жасаған жоқпын.  Құрмет Талапқазы

Еске салсақ, кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біртқатар қоғам және мемлекет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыс еткен еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: