Қартайған Хью Джекман жарнамаға тыр жалаңаш түсіп жүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2020 19:27 видеодан алынды
Әлеуметтік желідегілер бұл видеоны қызу талқылап жатыр.

Австралиялық актер Хью Джекман жарнамаға тыр жалаңаш түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосын Джекман Instagram-да жариялады.

Видеода актер компания өкілімен тыр жалаңаш сөйлесіп отырады. Ал аяғын оның үстелінің үстіне қойып қойған. Оның аяғында су жаңа етік.

- Біздің аяқ киімді киіп жүру үшін бүтіндей тыр жалаңаш шешініп тастағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Бірақ біз Сізге киінбеуге тыйым салмаймыз және киініңіз деп үгіттегіміз келмейді, - дейді видеодағы компания өкілі.

Өз кезегінде актер: "Компания өзі айтты ғой, мен солай естідім, талап осындай: тек осы аяқ-киіммен ғана жүріңдер деген", - деп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: