СҚО-да карантиндік шаралар жұмсартылды

Ashyq қосымшасы Сурет: Zakon.kz
Қаулы 15 желтоқсаннан бастап күшіне енеді

Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асқар Жұматаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандарға жұмыс күндері және демалыс күндері 01:00-ге дейін, жобадағы көшбасшы нысандарға 03:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Демалыс күндері жұмысшылары мен тұтынушылары "жасыл" мәртебесі сипатында қауіпсіз белгіге ие болған жағдайда (вакциналау, сынама алынған сәттен бастап жеті күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тестінің болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар немесе соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырғандарға), мұндай нысандардың жұмысына рұқсат етіледі.СҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы

"Жасыл" мәртебесінің болуына және жұмыс режимінің шектеулеріне қойылатын талаптар облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржолға, автомобиль, автобекеттерге/автоөткелдерге, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.

Қаулы 15 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз