Бразилияда қала әкімі мен депутат даулы мәселені жұдырықпен шешті

Бразилия, Реслинг, ММА, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 13:00 Сурет: pixabay
Бразилияның Борба қаласының мэрі Симау Пейшот пен депутат Ирина Альвес Да Сильва ММА ережелері бойынша дуэль өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қос шенеунік жергілікті мектептің спортзалында рингке шықты.

Сильва қала басшысы Пейшотты өзен маңындағы аквапаркты сақтап қала алмағаны үшін сынап, оны "жемқор", "алаяқ" деп айыптаған. Түйткілді мәселені жұдырықпен шешпекші болып, депутат қарсыласын рингке шақырды. Қала басшысы бұл ұсынысты қабыл алды.

Мен боксшы емеспін, мен қала басшысымын. Мені жекпе-жекке шақырған соң, қарап тұра алмадым. Реслинг қаласының мэрі Симау Пейшот

Жекпе-жек жергілікті мектептің спортзалында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары шенділердің төбелесін көру үшін залға билет сатып алып кірді. Ғимаратқа сыймағандары жекпе-жекті ғаламтор арқылы тамашалады. Түскен қаражат мұқтаж жандарға берілді.

Жекпе-жек үш раундтқа ұласты. Депутаттың ауыр соққыларына қарамастан, қала басшысы ұпай саны бойынша басым түсіп, жеңімпаз атанды. Осылайша мэрдің дегені болып, өзеннің жанындағы аквапарк алдағы уақытта сүріледі.

Жекпе-жектен кейін Пейшоттың басы бәлеге қалды. Себебі прокуратура мамандары қала басшысын мемлекеттік бюджет есебінен жекпе-жек ұйымдастырды деп айыптап, тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы орган шараның есеп-қисабын дайындау үшін Пейшотқа бес күн уақыт берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: