Мексикада Өлілер күні мерекесінде қала әкімі оққа ұшты

Мексикада Өлілер күні мерекесінде қала әкімі оққа ұшты , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 12:10 Сурет: pixabay
Мексиканың Уруапан қаласының мэрі Карлос Мансо қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты. Ол есірткі саудасымен күресті күшейтуді талап еткен саясаткер ретінде танылған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New York Times басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 1–2 қараша күндері, Мексикада атап өтілетін ұлттық мереке — Өлілер күні кезінде болған.

"Мексиканың батысында сенбі күні атыс кезінде қылмыспен күресте қатаң ұстаным ұстануға шақырып келген және есірткі саудасымен күреске қосымша көмек сұрап, президент Клаудия Шейнбаумға жүгінген қала мэрі қаза тапты", – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, әкімге шам жағу рәсіміне қатысып тұрған сәтте шабуыл жасалған.

Шетелдік БАҚ деректеріне сәйкес, Мансо федералдық биліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы саясаттарын бірнеше рет сынға алған және соңғы айларда өз өміріне қауіп төніп отырғанын айтқан бейнежазбалар жариялап жүрген.

Әлеуметтік желілерде шабуыл болған сәттің видеосы таралып жатыр.

Бұған дейін Мексикада дүкенде шыққан өрт кезінде 23 адам опат болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: