Мексикада дүкенде шыққан өрт кезінде 23 адам опат болды

Мексикада дүкенде шыққан өрт кезінде 23 адам опат болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 12:56 Сурет: X/AlanAdameMX
Мексиканың солтүстік-батысындағы дүкенде шыққан өрт пен жарылыс салдарынан кем дегенде 23 адам, оның ішінде балалар, қаза тауып, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонора штатының губернаторы Альфонсо Дурасоның айтуынша, өрт қала орталығында шыққан.

Жараланғандар алты ауруханаға жеткізілген. Штаттың бас прокуроры Густаво Салас Чавес мәліметінше, көпшілігі токсинді газдарды жұту салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды ABC.

Чавес тергеу барлық болжамды қарастырып жатқанын айтты, бірақ әлі қасақана өрт қою белгілері анықталған жоқ.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда жалын ғимаратты түгел шарпығынан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: