Ауғанстанда 21 адамның өмірін қиған жаппай жол апаты болды

Жол апаты, Ауғанстан, жолаушылар автобусы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2024 14:51 Сурет: freepik
Ауғанстанның оңтүстігінде болған жол апаты салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 17 наурызда таңертең Оңтүстік Қандағар мен Батыс Герат провинциялары арасындағы Гильменд провинциясының Герашк ауданында болды, деп жазады Associated Press Гильменд департаментіне сілтеме жасап.

Сурет: en.mehrnews.com

"Мотоцикл жолаушылар автобусына соғылып, содан кейін жолдың қарама-қарсы жағында кетіп бара жатқан жанар-жағармай таситын көліктің астына түскен. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - деді жергілікті полиция.

Жараланған 38 адамның 11-і ауруханаларға жеткізілді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: