Эльбрус тауында болған қайғылы оқиға: аспалы жолдағы апат адам өліміне әкелді

Эльбрус тауында болған қайғылы оқиға: аспалы жолдағы апат адам өліміне әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 19:36 Сурет: pixabay
Эльбрустағы аспалы жолда болған апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, апатқа себеп болған – тіректердің біріндегі роликтен тростың шығып кетуі.

Қазір жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізуге дайындық жүргізіліп жатыр.

"Эльбрустағы аспалы жолдағы апаттан кейін адамдарды эвакуациялау ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап жатыр", – делінген ақпаратта.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қаза тапқан екі адамның екеуі де аспалы жолды сынақтан өткізушілер болған. Олар оны жөндеп, қысқы маусымға дайындауды жоспарлаған.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарауда.

Бұған дейін Шымбұлақта кісі толы аспалы кабина бұзылып, көкте қалып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: