Жаңалықтар тізбегі
0

Өткен демалыста елде үш ірі жол апаты болды

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 21:55 kolesa.kz
Апат салдарынан бірнеше адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды.

18 маусым сағат 16:00 шамасында Доссор — Құлсары тас жолында Toyota Camry жолаушылар автобусымен соқтығысты. Үш адам оқиға орнында жан тапсырған, екі адам Мақаттағы аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

19 маусым күні сағат 18:50 шамасында Алматы облысындағы Алматы — Көкпек — Көктал тас жолының 134-шақырымында, Байсейіт пен Нұра ауылдарының арасында Toyota RAV4 пен Audi 100 соғылып, жеті адам қайтыс болды. Олардың арасында екі жүргізуші, 16, 13, 8 жастағы үш бала және төрт айлық сәби бар. Үш жолаушы емханаға түсті. Қолда бар ақпаратқа сенсек, апатқа Toyota жүргізушісінің қарсы бағытқа шығып кетуі себеп болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 21:55

Сол күні Алматы облысындағы Алматы — Өскемен тас жолының 225-шақырымында Mitsubishi Galant пен Scania жүк көлігі соқтығысып, екі әйел көз жұмды. Үш адам ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиға жеңіл көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамағандықтан болды деген болжам бар.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе — Ойыл тас жолында болған жол апатынан екі мектеп директоры қайтыс болды. Тағы екі директор емханада жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 21:55

20 маусым сағат 11:20 шамасында Түркістан облысы Созақ ауданындағы Екпінді — Бірлік тас жолының 144-шақырымында Lada Priora мен Volkswagen Golf түйісті. Екі жүргізуші мен бес жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Бір адам облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, соңғы екі аптада Қазақстанда 428 жол апатынан 88 адам қаза тауып, 505 адам зардап шекті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 8 бала жан тапсырған, тағы 102 жеткіншек жарақат алды. Полиция тас жолдағы оқыс оқиғаларға көбіне жылдамдықты асыру мен қарсы бағытқа шығып кету себеп болатынын айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: