Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасын тергеу үшін комиссия құрылды

zhaikpress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 22:09 zhaikpress.kz
ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған, нәтижесінде 5 адам қаза тапқан ірі ЖКО-ның мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылғы 13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында "СНПС-Айдан Мұнай" АҚ-қа тиесілі "Mersedes-Benz sprinter" автокөлігі мен "СПМК" ЖШС-ға тиесілі "Toyota Hilux" автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында "СНПС-Айдан Мұнай" АҚ-ның 1 жұмыскері және "СПМК" ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты.

Оқиға орнынан "жедел жәрдем" қызметі жоғарыда аталған компаниялардыңзардап шеккен 8 жұмыскерін қалалық ауруханаға жеткізді, олардың ішінде ауруханаға барар жолда "СНПС-Айдан Мұнай" АҚ-ның
1 жұмыскері қайтыс болды, "СПМК" ЖШС-нің 1 жұмыскері ауруханада қайтыс болды, "Бастау-S" ЖШС-нің 1 жұмыскері реанимация бөлімшесіне жатқызылды, "СНПС-Айдан Мұнай" АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды.

ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

Топтық жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін тексеру үшін Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының өкімімен Қызылорда облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төреахмет Жолымбетовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: