Мексикада төрт турист оққа ұшты

Мексикада туристерді атып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2025 12:50 Сурет: pixabay
Мексикада төрт адам оққа ұшты. Үш ересек адам бір-бірімен туыстық қатынаста болды. Олар қайтыс болды. Оқтан аман қалған баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуыл кезінде отбасы Иллинойс штатының (АҚШ) нөмірлері бар жол талғамайтын көлікте болған.

Дуранго Бас прокуратурасының мәліметінше, үш ересек адам қаза тапты: екі ағайынды, АҚШ азаматтары Висенте Пенья Родригес пен Антонио Фернандес Родригес және олардың туысы, жергілікті тұрғын Хорхе Эдуардо Варгас Агирре.

Бас прокуратураның мәліметінше, Висенте Пенья Родригестің кәмелетке толмаған ұлы аман қалды, оның жағдайы ауыр.

Шабуыл 3 қаңтар күні кешке жасалған. Жол талғамайтын көлік Франциско Зарко тас жолының шетінен табылған. Чикагодағы ABC WLS станциясының хабарлауынша, Висенте Пенья Родригес Чикагода тұрған және жасөспірім ұлымен бірге Мексикада демалыста болған.

Бұған дейін Аяз атаның кәсіпкермен селфи жасап, оны атып тастағаны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: