Мексикада мэр лауазымына үміткер тікелей эфир кезінде атып өлтірілді

11 мамыр күні Мексиканың Веракрус штатында сайлауалды мерекелік шерудің арты қайғылы оқиғамен аяқталды. Мэрлікке үміткер мен оның қасындағы үш адам оққа ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN дерегінше, қайғылы оқиға Facebook желісіндегі тікелей эфир кезінде орын алған.
Кадрлардан үміткер Гутьерресдің көшеде жақтастарымен келе жатқанын, тұрғындармен қол алысып, амандасқан сәттерін көруге болады. Алайда, көз ұзамай жиналған қауым бірнеше рет атылған оқ дауысын, дүрлігеді.
Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл оқиғаны 12 мамырдағы таңғы баспасөз мәслихатында растап, шабуыл себептері әзірге белгісіз екенін айтты.
Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланған.
Билік тергеуді бастап, әділет орнатуға уәде берді. Сарапшылар Мексикада сайлау науқандары кезінде саяси үміткерлерге жасалатын шабуылдар жиі кездесетінін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript