Жаңалықтар тізбегі
0

Барлық қазақстандық оқушы тегін тамақтана ма

Тегін тамақтану, Шымкент, Бастауыш сынып , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 18:06 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тараған қазақстандық оқушылардың тегін тамақтануы туралы видеоға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon kz

Бүгін әлеуметтік желіде тараған "барлық бала тегін тамақтанады" деген ақпарат ата-аналарды қуантып, бір-бірінен сүйінші сұрауға негіз болды. Алайда 45 секундтық видеода айтылған сүйінші хабар тек Шымкент қаласының оқушыларына ғана қатысты екені анықталды.

Кейін белгілі болғандай, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының шымкенттік бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанатындығы туралы сұхбатының бас жағы кесіліп берілген. Ата-аналар арасындағы алыпқашпа әңгіменің тууына сол себеп болған.

Осыған байланысты министрлік өкілдері жауап берген еді.

Тегін тамақтану мәселесі жергілікті әкімдіктің пәрменімен шешіледі. Оқушыларды тегін аспен қамту жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен қаржыландырылады. ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Желіде таралған ақпаратқа қатысты Шымкент қалалық білім басқармасының өкілдері 2022 жылдың қаңтар айынан барлық қазақстандық оқушылар емес, тек Шымкент қаласындағы мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін аспен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы айтқан мәліметтің толық нұсқасын мына видеодан тамашалай аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: