ІІМ Шымкентте полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде Шымкентте полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, полиция департаментінің Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, сондай-ақ полиция аға лейтенанты аса ірі мөлшерде (370 млн теңге) ақша ұрлады деген күдікпен ұсталған.
9 қыркүйекте ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл мәліметті назарға алып, БАҚ алдында түсініктеме берді.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік ұстанымын ұстанады", делінген түсініктемеде.
4 қыркүйекте пара алды деген күдікпен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript