Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде полицейлер туралы тарап жатқан ақпаратқа қатысты ІІМ түсініктеме берді

Полицей, әлеуметтік желі, үй аралау, фейк, ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 17:43 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі 2024 жылы 11 қыркүйекте әлеуметтік желіде өзін полицей ретінде таныстыратын адамдар тобы туралы тарап жатқан хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан хабарлама авторы бір топ адам жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап жүргенін, олар өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратынын, тіпті жандарында ІІМ мөрі мен таңбасы бар құжаттары бары туралы ақпарат тарады.


Әлеуметтік желі, жалған хабарлама, полицейлер туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 17:43

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны назарға алып, оның өтірік екенін нақтылады.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: