ШҚО-да мерейтойға орай жағдайы төмен отбасыларға көмек себеті таратылды

ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жағдайы төмен отбасыларға арналған науқан ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ШҚО-дағы аз қамтылған және көпбалалы 30-дан аса отбасыға көмек берді.
Әрбір отбасы азық-түлікпен және гигиенаға арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етіліп, жылы киім-кешектер, балаларға тәттілер мен ойыншықтар, қалың қолғаптар табысталды.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған науқан әлі де жалғасатын болады, — деді мекеме бастығы әділет полковнигі Еркін Кабин.
Бөлісу
0
Толық оқу