Данияр Елеусінов титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшетті

Бокс кеші, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 16:48 Сурет: Instagram/yeleussinovdaniyar
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао чемпиондық атақ сарапқа салынатын кездесу алдында салмақ өлшетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Данияр Елеусіновтің салмағы 66,4 келі болса, ал аргентиналықтың салмағы 66,5 кг.

Қарсыластар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленуге таласады.

Бокс кеші 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтеді.

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокста 10 рет жеңісі бар, оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған. Хуан Эрнан Леаоның қоржынында 15 жеңіс (4 нокаут) бар және бір жекпе-жекте тізе бүккен.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: