Данияр Елеусінов кезекті жеңістен кейін мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/yeleussinovdaniyar
Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Sports.kz порталының хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда өткен бәсекеден кейін отандық былғары қолғап шебері Д. Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен болған жекпе-жекке байланысты мәлімдеме жасады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған бокс кеші өтіп кетті…Мені қолдап, жанкүйер болғандарыңыз үшін мың алғыс. Енді басқа да белбеулерді қосып алатын мақсат алда… Барша ұйымдастырушыларға рахмет айтамын!Данияр Елеусінов
Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шаршы алаңға шықты. Елордада өткен бокс кешінде 12 раундтың қорытындысы бойынша, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымында жартылай орта салмақтағы бокстан "Әлем чемпионы" атағына ие болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript