Тоқаев азаматтық процессуалдық заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойды

Азаматтық процессуалдық заңнама Сурет: Zakon.kz
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қабылданған заңдар Мемлекет басшысының сот жүйесін, сондай-ақ азаматтық процессуалдық заңнамаларды жетілдіруге арналған бастамаларын іске асыру үшін әзірленді.

Заңның бірінші блогы сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу тетігін дамытуға бағытталған.

Енді сот жүйесіне құқықтың тар аядағы салалары бойынша білікті мамандарды тарту жөніндегі ереже заңнамалық тұрғыдан бекітіледі. Ол үшін үміткерлер мамандандырылған біліктілік емтиханын тапсырып, бөлек конкурстан өтуі тиіс.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңда осы және басқа да жаңашылдықтар көрініс тапқан.

Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды тағайындау мәселелерін қарау жөніндегі Жоғары Сот Кеңесінің өкілеттіктері де кеңейтіледі.

Екінші блок азаматтық процесті жеңілдету жөніндегі бұрын мақұлдаған тәсілдерді іске асыруға, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтуге бағытталған заң жобасына да бастамашы болады.

Бұл заң медиаторлардың құқықтары мен міндеттерін нақтылайды, онлайн-медиацияны дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар әлемдік тәжірибедегі «үлгілі сот шешімі» институтын бейімдеу ұсынылады және тараптарға аумақтан тыс сотталуды таңдау құқығы беріледі. Бұл қағиданың мән-жайы – IT арнайы бағдарламасы істі бір соттың ішінде емес, бүкіл елдегі соттардың арасында олардың мамандануы мен жұмыс жүктемесін ескере отырып автоматты түрде таратады. Бұл ретте аумақтан тыс сотталу жағдайы екі тараптың келісімімен ғана таңдалады.

Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу жүйесін және судьяларды конкурстық іріктеу тетіктерін жетілдіреді. Жаңа нормалар сот жүйесінде заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға да мүмкіндік береді. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының және Жоғары Сот Кеңесі отырысының құзіреттерін кеңейтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз