Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

ҚР президенті, заң, асыл тұқымды мал, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 17:33 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.Түзетулер құқықтық сипаттағы қайшылықтар мен коллизияларды жоюды, уәкілетті органның, республикалық палаталардың өкілеттіктерін кеңейтуді, сондай-ақ заңның жекелеген нормаларын Еуразиялық экономикалық одақ нормаларымен сәйкестендіруді көздейді.

Атап айтқанда, уәкілетті органның құзыреті кеңейеді. Ол мынадай өкілеттіктермен толықтырылады: жануарларды индекстік бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту; жануарлардың молекулалық-генетикалық сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; геномдық бағалау жүргізу ережесін әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар республикалық палаталардың өкілеттіктері кеңейтіліп, нақтыланады. Енді республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс отырысын шақыру мерзімдері және республикалық палата төрағасының өкілеттіктерінің мерзімдері заңнама деңгейінде айқындалады.

Бұған қоса ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдарының өкілеттігі күшейтіледі.

Сондай-ақ молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізудің негізгі ережелерін, тапсырыс берушінің (жануар иесінің) және мамандандырылған зертхананың құқықтары мен міндеттерін көрсететін 21-1 "Молекулалық-генетикалық сараптама" бабы енгізілді.

Сонымен қатар "екінші санаттағы асыл тұқымды етті ірі қара" анықтамасы мәселесінде бұрын болған біржақтылық жойылды.

Сондай-ақ заң агроөнеркәсіп кешенін дамытуды және биоотын өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.

Мұнымен биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілген өзгерістер "биоэтанол" түсінігін кеңейтуге бағытталған, бұл өндірілген өнімді бензинге қоспа ретінде ғана емес, сонымен қатар химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді

Бұл кәсіпорындардың өнімді өңдеу және өткізудегі мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: