Елордалық ұландықтар жоғалған баланы тауып, анасына табыстады

Алғыс Сурет: ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызмет барысында өзен жағасында үлкендердің қарауынсыз жүрген баланы байқайды. Кейін оны анасына табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери жасақ бастығы қатардағы Әділхан Серіков, патрульшілер қатардағы жауынгерлер Мирас Шәдібеков пен Азамат Орынбай өзендегі жаяу жүргіншілер көпірінің қасында үлкендердің қарауынсыз жүрген баланы байқайды.

 Сарбаздар баланы әңгімеге тартып, оның адасып кеткенін анықтайды. Болған жағдай патрульдік топ бастығына баяндалып, дереу балақайдың ата-анасын іздеу бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Абырой болғанда, балақай анасының нөмірін жатқа білетін болып шықты.  

Телефон арқылы тілдескеннен кейін анасы келіп баласын алып кетті. Сарбаздарға қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз