Қазақстандық «Күнбағыс» фильмі әлемдік кинофестивальдерде 50-ге жуық марапатқа ие болды

"Күнбағыс" фильмі, кинофестиваль, жүлде, марапат Сурет: Фильмнен кадр
Қазақстандық фильмдер арасында бірегей рекорд орнатқан «Күнбағыс» («Подсолнух») кинотуындының қоржынында дүниежүзіндегі түрлі кинофестивальдерде 50-ге жуық жүлде бар. Бұл – отандық кинематографияның жаңа тарихында болмаған оқиға десек артық емес.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» компаниясымен бірлесіп түсірген. Эля Гильман түсірген «Күнбағыс» драмасы 27 халықаралық кинофестивальде түрлі номинациялар бойынша 47 сыйлықты қанжығасына байлады.

Фильм режиссерінің айтуынша, «Күбағыс» — «орта жас» дағдарысына ұшыраған отбасы туралы драмаға толы хикая. Ішкі қайшылықтарымен әуре болған ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірім бала үйде де, мектепте де «буллингтің» барлық сұмдықтарын бастан кешіп, шеттетілген адамға айналады. Пана іздеген Әмір құмар ойындарға тәуелділікке әкелетін компьютерлік ойындар әлеміне енеді.

Бұл оқиға – менің барлық ата-аналарға жолдауым, мен сияқты өз балаларын тәрбиелеп отырған, бүкіл әлемдегі аналар мен әкелер мені түсінеді деп үміттенемін. Жасөспірім болу, ережелердің қысымына қарсы тұру қиын. Біз балаларымызға жақын болуға және оларды жақсы көру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Фильм режиссері Эля Гильман

0

Сурет: жеке мұрағаттан

Режиссердің айтуынша, «Күнбағыс» көтерген мәселелер еуропалық көрерменге түсінікті болып, жанашырлық сезімін оятқан.

Әлемге арналған кейбір хабарламалар шынымен жан-жақты болады, мысалы, «Күнбағыстың» негізгі идеясы өз ара қарым-қатынас жасай білудің маңыздылығы туралы. Әлеуметтік қысым, жалғыздық, шындықтан қашу және белгісіздік барлық мәдениеттерде тоғысады, бұл фильмнің идеясы барлық адамдар үшін өзекті. Қоғамда көбімізге эмпатия, түсіністік, жанашырлық жетіспейді, сондықтан бұл туралы әңгімелер ұлттық мәдени шекарадан асып түседі.Эля Гильман

Фильмнің тұсаукесері 2021 жылы сәуір айында White Nights Film Festival-інде (Санкт-Петербург) өтті. Бұл фестивальде аталған фильм қазылар алқасының арнайы сыйлығын алғанын айта кету керек.

"Күнбағыс" фильмі жеңіп алған кейбір марапаттарға тоқталып өтсек:

  •  «Үздік толықметрлі фильм» сыйлығы – New York Cinema Independent Awards, Toronto International Woman Film Festival, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Rome Movie Awards, Milan Gold Awards, KIFF (Kotka International Film Festival, Finland), МосфильмФест (Мәскеу, Ресей), SLATE International Film Festival (Гонконг, Қытай)

  • «Үздік режиссер» сыйлығы – Venice Film Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Paris International Film Festival, Tokyo International Monthly Film Festival, Milan Gold Awards, Hollywood Gold Awards

  • «Үздік әйел-режиссер» – Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards, New York Cinema Independent Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан)

  • «Үздік шетелдік фильм» сыйлығы – Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards

  • «Үздік драма» сыйлығы – Red Movie Awards (Франция), Istanbul Film Awards, Prague Film Awards

  • «Орыс тіліндегі үздік фильм» сыйлығы – Near Nazareth Film Festival (Израиль)

  • «Үздік актер» сыйлығы – Istanbul Film Awards (Еркебұлан Дайыров, Слобода Мичалович, Рашид Мусин), Milan Gold Awards (Слобода Мичалович), Hollywood Gold Awards (Слобода Мичалович)

  • «Үздік жас актер» сыйлығы – Cannes World Film Festival (Рашид Мусин)

  • «Азияның үздік актері» – Cannes Film Awards (Еркебұлан Дайыров)

  • «Үздік оператор» сыйлығы – Istanbul Film Awards (Алексей Кирюхин)

  • «Үздік сценарий» сыйлығы – Hollywood Gold Awards (Расул Шыбынтай)

  • «Үздік қоюшы-суретші» сыйлығы – Paris International Film Awards, London International Monthly Film Festival, Hollywood Gold Awards (Оксана Азаматова)

  • «Үздік продюсер» сыйлығы – Beijing Film Festival (China), Hollywood Gold Awards (Гүлсина Мұстафина, Александр Гильман)

  • «Үзідк композитор» сыйлығы – LA Independent Film Awards

  • «Шеберлігі үшін» сыйлығы – WRPN Women’s International Film Festival

  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – White Nights Film Festival (Санкт-Петербор)

  • «Ерекше аталым» сыйлығы – Paris Film Festival, LA Independent Film Awards

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз