Экология министрі желідегі видеоға қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желі Сурет: видеодан алынды
Серікқали Брекешев ОКҚ-да өткен брифингіде Өскеменде зауыттан шыққан қызғылт түсті түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін сағат 12:00-де экология департаментіне әлеуметтік желілер арқылы «Титан-магний комбинаты» Акционерлік қоғамында апат болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. Мән-жайды анықтау мақсатында сағат 12:15-те экология департаментінің қызметкерлері санитарлық-қорғау аумағы шекарасының жер беті қабатындағы зиянды заттардың құрамына аспаптық өлшеулер жүргізу үшін оқиға орнына барды. Нәтижелер бойынша шекті рұқсат етілген концентрация нормасын белгілеуден хлордың асып кету фактілері анықталды.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Оның айтуынша, экология департаменті бастамасымен жоспардан тыс тексеру басталды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жағдайдың оқшауланғанын атап өтті.

Біз бірден бұл жайтқа қатысты әрекет еттік. Бүгінгі таңда ешқандай ауыр зардаптар анықталған жоқ. Жағдай қазірдің өзінде оқшауланып үлгерді, біз бұған кім жол бергенін тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартамыз. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов

Бұған дейін әлеуметтік желілерде титан-магний зауытының аумағынан көкке қызғылт түсті түтін шығып жатқанын сипаттайтын видео тарала бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз