СҚО-да өрт сөндірушілерге жаңа өрт сөндіру техникалары берілді

Ресми шара Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
2021 жылы 21 желтоқсанда Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай сегіз АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігінің кілті табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Техника «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен қаржы лизингі жобасы шеңберінде сатып алынды.

Сонымен қатар ТЖД бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін жергілікті бюджет шеңберінде берілетін және мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылған автокөлік техникасы берілді. Атап айтқанда, жеке құрам мен жабдықтарды төтенше жағдайлар орнына жеткізу үшін 5 бірлік жедел-қызметтік автокөлік, КАМАЗ автокөлігі базасында 2 автоцистерна (сыйымдылығы 10 тонна) және КАМАЗ автокөлігі базасында 2 самосвал.

Кілттерді табыстай отырып, Құмар Ақсақалов халықты ТЖ мен өрттен қорғау жолында қызмет атқарып жүрген өрт сөндірушілерге табыс тіледі. 

Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны жетілдіруге және жаңартуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол соңғы 4 жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін 29 бірлік техника, оның ішінде жол талғамайтын көліктер мен жедел-құтқару автокөліктері сатып алынғанын атап өтті.

Сатып алынған жаңа техника Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданы мен облыс орталығының өрт сөндіру бөлімшелеріне таратылады. Рамиль Камалов

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 3 040 рет төтенше жағдайлар орнына шықты. Бұл ретте 347 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аймағынан 1 583 адам эвакуацияланды, 62 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз