Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы өртте өрт сөндіру көлігі жанып кетті

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, ҚР ТЖМ, өрт сөндіру көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 10:32 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2023 жылы 11 маусым күні кешке Абай облысындағы орман өртін сөндіру кезінде Қарағандыдан барған өрт сөндіру көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ормандағы өрт тез таралып жатыр. Абай облысындағы орман өртін сөндіруге бірнеше облыстан өрт сөндірушілер барды.

Талица ауылының маңында арнайы көлікті өрт шарпыды. Абырой болғанда, ешбір адам зардап шеккен жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, орман өртін сөндіруге 1500 адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар өрт сөндірушілерге әскерилер мен еріктілер көмектесіп жатыр.
14 тікұшақ жұмылдырылды.

2023 жылы 8 маусымда Абай облысында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман өртенді.

10 маусымда Абай облысында өртте қаза тапқандар саны 14 адам болғаны хабарланды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: