Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының жол сақшылары жүргізушілерге үндеу жолдады

Алматы облысы, ПД, жол сақшылары , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 16:52 Сурет: instagram/police_almobl
Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушілерді жол ережесі қауіпсіздігін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысының жол сақшылары уақыт талабына сәйкес көлік жүргізушілеріне бейнеүндеу жазып, барлық әлеуметтік желілер арқылы жолдады.

Мезгіл ерекшелігін ескере отырып, қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Өйткені қара жол қателіктерді кешірмейді. Полиция майоры Нұржан Өстеміров

Рота командирінің ақпаратына сәйкес, облыстық Патрульдік полиция ротасы қызмет атқаратын республикалық маңызы бар жол учаскелерінде жыл басынан бері 131 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 51 адам қаза тапқан. 250- ден астам жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Жол сақшылары жол ережесін сақтамаған 50 мыңға жуық жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырған. Тексеру барысында 140 жүргізушінің масаң күйде көлік тізгіндегені анықталған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» және «Құқықтық тәртіп» сияқты жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, республикалық жолдарда арнайы рейдтер өткізіледі. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында жол сақшылары қызметтік көліктермен қамтамасыз етілді. Полиция майоры Нұржан Өстеміров

Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жол учаскелерінде жасанды жол кедергілерін жасады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өткелдері маңына шамдар мен түрлі-түсті жарық беретін құрылғылар орнатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: