Қарағанды облысында ірі-қара атаулыдан жұқпалы ауру анықталды

Ірі-қараны вакциналау Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында ірі-қара атаулының жаппай кесел жұқтыруына байланысты Ақжал ауылында эпизотиялық шектеу шаралары жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Өңірде зеңгі баба тұқымы жаппай ринотрахеит пен вирусты диареяға шалдығып жатыр. Малдың кеселі ең алдымен осы аудандағы Киікті елді мекенінен анықталып бір қорадан төрт сиыр арам қатыпты. Босаға ауылынан екі бас кеткен. Ветеринарлар аузы мұрнынан сілекей аққан малдан сынамалар алып сараптамаға жолдаған. Ауру атауы анықталған соң, дерт жұқтырған малды вакциналау басталады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бір айдың ішінде аудандағы 12 мыңға жуық ірі қара егіліпті. Ал кесел көптеп анықталған Ақжал ауылында тіпті шектеу шарасы  енгізілген. Ауылдағы мал өріске шығарылмай, елді мекеннен ет, сүт өнімдерін шығаруға шектеу қойылды. Дегенмен мамандар аудандағы кесел анықталған 750 бас малдың 90 пайызы аурудан айыққанын айтады.

Ақжал кенті бойынша толығымен ветеринариялық сауықтыру іс шаралары жүргізіліп, шектеуді алудың қарсаңындамыз. Енді ветеринариялық дезинфекцияның қорытындысы бойынша қанағаттандырарлық нәтиже шықса шектеу толығымен алынып, сауықтырылды деп есептелінеді. ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облыстық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Данияр Мерғазин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз