Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды
Сурет: pixabay
Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бурцеллез анықталды. Осыған байланысты 5 ауданда санитарлық шектеу жарияланды.
Бруцеллез адамға да жұғуы мүмкін деген күдікпен жергілікті медицина қызметкерлері қазір мал иелерінің денсаулығын тексеруде.
Шектеулер Шет, Қарқаралы, Нұра және Абай аудандарында жарияланған болатын, бұл тізімге енді Осакаров ауданы да қосылды.
Зертхана мамандары ірі қараны сойып, патологиялық сынама алған. Қорытындысы бойынша індет расталды. Барлығы 18 сиыр сойылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Келтірілген шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі.
Қазір елдімекендерде малдың етін сүтін саудалауға, ауыл сыртынан сыртқа шығаруға тыйым салынды.
Өзге де ақпараттарды алдағы хабарымызда тақрататын боламын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript