Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстанда 400 бас малдан бруцеллез анықталды

Солтүстік Қазақстанда 400 бас малдан бруцеллез анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 13:09 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам ірі-қарадан бруцеллез анықталды. Ауырған малдың 90%-ы шаруашылықтарға тиесілі.

Дерт жоспарлы диагностикалық тексеру барысында белгілі болған.

"Атамекен-Агро-Темирязево", "Астық сату компаниясы", "Ақ ниет-Агро", "Гусаковка" шаруашылықтары мен Аққайың ауданындағы Ленинское ауылы бақылауға алынды.

Қауіпті аурудың таралуының алдын алу үшін аталған нысандарда шектеу шаралары енгізілді. Былтыр 270 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Оң нәтиже көрсеткен мал басын санитарлық союға жібереді. Қоражайларда дезинфекция жұмыстары өткізілетін болады. Шектеу шаралары барысында жануарларды және жануар текті өнімдерді сыртқа шығаруға тыйым салынған." Нариман Тасболатов, СҚО Ветеринария басқармасының бөлім жетекшісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: