СҚО-да мал ауруы азайды

Корова, коровы, крупный рогатый скот, скотоводство, фермерское хозяйство, животноводство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 12:26 Фото: primeminister.kz
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 170 бас ірі-қарадан бруцеллез анықталды.

Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе аз. Мамандардың айтуынша, алдын алу шараларының нәтижесінде инфекцияның таралу көрсеткіші төмендеген.

Соңғы бірнеше жыл бойы облыста бруцеллез бойынша жағдай күрделі болған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауру мал санитарлық союға жіберіліп, инфекция ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылды.

Жыл басынан бері ең көп таралған әрі қауіпті саналатын жұқпалы ауруларға қарсы 3,5 млн вакцина салынған. 715 мың бас малдан сынама алынып, зерттеу жүргізілді.

"Қазіргі уақытта бруцеллез бойынша бір қолайсыз пункт бар. Ол Айыртау ауданы Сырымбет ауылында тіркелген. Яғни, ол бойынша республикалық эпизотиялық жасақпен сауықтыру шаралары жүргізіледі." Нариман Тасболатов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: