СҚО-да полицейлер мал ұрлығымен айналысқан топты құрықтады

Ұсталды, СҚО, Тайынша ауданы, мал ұрлығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 19:56 Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Тайынша ауданының ауылдары мен аудан орталығында жасалған мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт жас жігітті ұстады. Қылмыстық топ сәуір айының басынан бері әрекет еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер қорадағы қойды ұрлаған. Айта кетерлігі мал иелерінің ешқайсысы жануарлардың жоғалғанын өз бетінше байқамаған. Қылмыстар полицияның күнделікті жедел-профилактикалық жұмысы барысында анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктінің жеке басын анықтады.

"Олар — жасы 20 мен 24 аралығындағы жергілікті тұрғындар. Аудан орталығындағы бейнебақылау камералары күдіктілердің бірінің ұрланған малды ВАЗ 2112 автокөлігінің жүксалғышы мен салонына салып, сатып алушыға жеткізгенін тіркеген. 1 мамырда малды өткізгеннен кейін бірден күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта мал ұрлығының төрт дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Барлығы 23 бас мал ұрланған. Оның 12-сі сатып алушылардан алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Мал сатып алушының жауапкершілігі мәселесі қаралуда. Полицейлер ауыл тұрғындарын қырағы болуға, қора-жайларды көрінетін жерлерге орналастыруға және өздеріне тиесілі малды қорғау бойынша өзге де шаралар қабылдауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: