Жаңалықтар тізбегі
0

Қарашөкеев отставкаға кете ме

Отставка, қуаңшылық, фермер, ауыл шаруашылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 16:51 Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазақстандық фермерлердің отставкаға кету туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол өз сөзінде үкімет мүшелері әрдайым отставкаға кетуге дайын болуы керек екенін айтты.

Нақты маған келсек, қазір ауыл шаруашылығын реформалау қажет екенін ешкім дауламайды. Кез келген реформаға қарсы тарап та, жақтаушы тарап та болатыны сөзсіз. Мен барлық тараппен сындарлы диалогқа ашықпын. Тараптар мәлімдемесіне түсінікпен қараймын.Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев

Ауыл шаруашылығы министрі фермерлермен ортақ түсіністікке келгенін мәлімдеді.

Кеше өңірлерден келген шаруалармен офлайн кездесу өткіздім. Айтпақшы, дәл осы кездесуде 30 қатысушының бірі менің отставкаға кетуімді ұсынды. Бұл кездесу төрт сағаттан аса уақытқа созылды. Егер журналистер талқылауға соңына дейін қатысса, онда олар кездесу соңында біз реформалар қажеттілігі туралы ортақ түсінікке келгенімізге көз жеткізер еді.Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев

Еске салайық, жаздағы қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Атырау өңірлерінің фермерлері ел астанасына келіп, министрдің отставкаға кетуін талап еткен еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: