Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кетсін - шаруалар

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 21:56 Сурет: zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев отставкаға кетсін! Жаздағы қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Атырау өңірлерінің фермерлері, ел астанасына келіп, министрлікке осылай деп баса көктеп кірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Олар малының қыстан аман шығатынына сенбейді. Тіпті бұл өңірлерде мал әлі қырылып жатыр. Жем-шөп қымбат, шығын шаш етектен. Ал бөлініп жатқан субсидия бәріне бірдей берілмей отыр. "Жауапсыз жауаптылардан шаршадық" деген малшылар, мәселе бұлай жалғаса беретін болса министр жылы орнын босатсын деп талап қойды, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.

Осыдан бір ай бұрын өздерінің қапталына келіп құрылтай өткіздік. Маңғыстаудың жағдайын, малдың жағдайын сол жерде де айтқан болатынбыз. Одан бері де бір ай өтті, ешкім қозғалған жоқ. Біздің жағдайымыз жоқ. Маңғыстаудың малы қырылып жатыр, күнде қырылып жатыр. Ешқандай көмек жоқ. Маңғыстау облысының тұрғыны Әділбек Сағындықов
Осы диалогта соңғы 3 сағаттың ішінде мәселемізді шешіп, мәмілеге келуіміз керек. Мәмілеге келмеген жағдайда, Ербол Қарашөкев мырзаны отставкаға кетуін талап етеміз. Осы Қазақстан бойынша 14 облыстан талап етіп жатырмыз.Атырау облысының тұрғыны Ғазиз Ғабдуллин

Ашық диалогқа келісім берген министрлік, журналистерді күтпеген көрінеді. Айқай-шудан соң ғана ішке кіргізді. Базыналы бұқараны министрдің өзі тыңдап, қара терге түсті. Шаруа қожалық иелері шенеунікке Маңғыстау өңіріне төтенше жағдай жариялау керек деп ұсыныс білдірді. Өйткені мәселе осылай жалғаса берсе, алдындағы төрт түліктен айрылып қалудан қауіптенеді. Сондай-ақ, биылғы игерілмей қалған субсидия қаржысы қайтарылып алынбасын дейді. Ал ауыл шаруашылық министрі, мәселені жан-жақты қарап, оңтайлы шешуге уәде берумен ғана шектелді.  

Қаңтардың басында комиссияны жібереміз депутаттармен. Сосын жаңағы ұсынысты Қаржы министрлігіне енгіземіз. Жаңағы алынбай қалған ақшаны алынатындай. Төтенше жағдайды жариялау үшін өзінің заңды негіздемесі болу керек. Оны жариялауға сол жергілікті әкімшілік ұсынады. Оны енді әкімшілікпен сөйлесіп көрейік. ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: