Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:06 Сурет: primeminister.kz
Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақордада жарияланды.


"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ербол Қарашөкеев Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қараша Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, экономика магистрі, құқықтану бакалавры, бакалавр академиялық дәрежесі берілген менеджмент саласының маманы.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған, 1999 – 2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болды.
  • 2001 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдар атқарды.
  • 2003-2006 жылдары «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директоры-Басқарма мүшесі.
  • 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінің директоры.
  • 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры.
  • 2007-2009 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
  • 2010-2012 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры.
  • 2012 жылдан 2013 жылға дейін «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС Бас директоры.
  • 2013-2016 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2019 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
  • 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы.
  • 2021 жылдың сәуір-шілде аралығында ҚР Қаржы вице-министрі.
  • 2021 жылғы шілдеден бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы вице – министрі -министрінің міндеттерін атқарушы.
  • 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: