Жаңалықтар тізбегі
0

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жолдады

Қауіпсіздік, Алматы, өрт, газ баллондар , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 14:42 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының суытуына байланысты Алматы ТЖД өрт және түтіннен улану оқиғаларының алдын алуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жыл басынан бері тұрмыста газ жабдығын пайдалану кезінде 28 жазатайым оқиға тіркелген. Газ-ауа қоспасының жарылуына байланысты 11 жағдай тіркеліп, салдарынан 6 адамды күйік шалған.

ТЖД мәліметінше, Алматыда қатты отынмен жылытылатын 1 646 үй және 13 көп пәтерлі үй мен тұрмыста газ баллондары қолданылатын 312 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Оқиғаларға жүргізілген талдау өрттің, жарылыстың және адамдардың улы газбен улануының 60%-ы жылыту құрылдары мен газ жабдығын пайдалану кезінде болатынын көрсетті. Көп жағдайда зардап шеккендердің өздерінің немқұрайлы қарым-қатынасынан болған.

Тұрғындар мұржалардағы бітелуді бақыламайды, мұржаны дұрыс қоспайды, сондықтан оның тұтастығы бұзылады. Газ плиталарын қараусыз қалдырған жағдайлар болды. Жазатайым оқиғалардың тағы 40%-ы газдың шығуы, резеңке түтіктің тозуы, газ баллондарының дұрыс сақталмауы салдарынан орын алады.Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Рау

Әдетте, газ құятын көліктерде баллонның толып кетуіне жол бермеу үшін өлшеу жүргізілмейді. Баллондарды қатаң түрде мамандандырылған газбен жабдықтау кәсіпорындарынан сатып алып, құю қажет.

  • ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы газ баллондары мен газ жабдықтарын осы өнімді өткізуге сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдардан ғана сатып алуға шақырды.

  • Газ жабдығымен өз бетінше іс-қимыл жасауға, тиісті рұқсатсыз газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарын жөндеуге және орнын ауыстыруға кездейсоқ адамдарды тартуға тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: