Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 111 жыл толды

Жауынгер, Ұлы Отан соғысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 15:19 Сурет: "Календарь Победы" журналы
Бүгін Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күні, деп хабарлайды Zakon.kz

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туған.

Бауыржан Момышұлының есімі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елге кеңінен танылды. Ол 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарды, 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғысқа қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды.

1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский Бауыржан Момышұлын полк командирі етіп тағайындайды.

1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.

Мәскеу түбіндегі шайқаста Бауыржан Момышұлының өзін стратег, асқан тактик, психолог екенін дәлелдейді. 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген.

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының батыры деген жоғары атақ берілді.

Мемлекеттік атақтан бұрын, Бауыржан Момышұлын халқы жақсы көрді. Оның батылдығы мен қайсар мінезі жайлы аңыз әңгімелер жетерлік. Жазушы Әзілхан Нұршайықов батыр бабамыздың құрметіне "Ақиқат пен аңыз" деген кітап жазып, Момышұлының өмірін баян етті.

Ал соғыстан кейін көркем шығармалар жазып, өзінің тағы бір қырымен танылды. "Ұшқан ұя", "Мәскеу үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы", "Майдан", "Майдандағы кездесулер", "Генерал Панфилов", "Төлеген Тоқтаров" сияқты шығармалардың авторы.

Қазіргі күні республика бойынша Бауыржан Момышұылының атында көше, мектеп, ауыл аттары жетерлік. Қазақтың батыр ұлына деген ұрпақтарының құрметі ерек. Жыл сайын түрлі шара арнайы ұйымдастырылады. Бұл Бауыржан Момышұлының есімі ешқашан ұмытылмайтынының дәлелі іспетті. Қазақ халқы барда Момышұлының ерлігі мәңгілік жыр болмақ!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: