Жаңалықтар тізбегі
0

Жасанды шыршалар аллергияны қоздыруы мүмкін - дәрігер

Аллергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2021 12:46 Сурет: pixabay
Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников жасанды шыршалар аллергия тудыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

РИА Новостиге берген сұхбатында дәрігер аллергиясы бар адамдар жасанды шыршаны орнатпастан бұрын, оны алдымен жуып, құрғатып алу керектігін айтты.

Жаңа жылда, өкінішке қарай, аллергиясы бар адамдар үшін қиын уақыт. Өйткені, барлық дәстүрлі жаңажылдық заттар аллергия тудыруы мүмкін. Мысалы, шырша және басқа қылқан жапырақты өсімдіктер. Мұның себебі – шаң-тозаңда, шайырында және эфир майларында. Синтетикалық шыршалар аллергияны одан да үдете түседі, өйткені бәрі бірдей сапалы, қауіпсіз материалдардан жасала бермейді. Егер шырша бір жыл бойы сақтауда жатып қалған болса, оған шаң-тозаңмен қоса ұсақ жәндіктер де қосылады. Андрей Тяжельников

Сондай-ақ, оның айтуынша, бөлмені жиі желдетіп, шыршаға жақындамау керек. Жасанды шырша сатып алғанда, дәрігер атап өткендей, сертификатын сұрау керек, оның құрамы, неден жасалғанын зерттеуіңіз қажет. Маманның айтуынша, рождестволық әшекейлер аллергия тудыруы мүмкін, сондықтан қатты иісі бар ойыншықтарды алмаған жөн.

Сонымен қатар, ол мерекелік үстелде де аллергендердің көп екенін атап өтті.

Оның бастысы – цитрус жемістері. Кеңес заманынан бері оларды жаңа жылға қорабымен сатып алу дәстүрі бар. Аллергия ананас пен жидектерден де туындайды. Одан соң жаңғақтар, шоколад, какаоны да бұл тізімге қосуға болады. Дәстүр бойынша, жаңа жылдық үстелге көптеген салат дайындалады. Сонымен қатар, жұмыртқа мен тауық сияқты көп қолданылатын заттар аллергия тудыруы мүмкін. Андрей Тяжельников

Дәрігердің айтуынша, аллергендер тізіміне теңіз өнімдері де кіреді.

Жаңа жылдық мәзірді мұқият таңдауға кеңес беремін. Бүгін бізде аллергия тудыратын ас-көктің орнын алмастыра алатын үлкен ассортимент бар. Егер дайын тағам сатып алынса, онда оның құрамын мұқият зерделеу керек. Андрей Тяжельников

Дәрігер аллергиясы бар адамдарға аллергияны басатын дәрілерді өз жанында ұстап жүруге кеңес береді.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігер тағайындаған рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамастан бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: